«Қазақ тілін дамыту» іс-шаралары аясында және Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қоғамда «Ұлттық диктант» жобасы өткізілді.
Іс-шараға 15 қызметкер қатысып, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері мен сауаттылықтарын көрсетті.
Диктант мәтіні ретінде ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының 14-қара сөзі таңдалды. Бұл қара сөзде адамгершілік, адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты құндылықтардың маңыздылығы баяндалған.
Іс-шара барысында Заң қызметінің қызметкері Жанболат Ерсұлтан қазақ тіліне деген құрметін білдіріп, тіл тақырыбына арналған арнау өлеңін оқып, көпшілікке ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізіліп, келесі номинациялар бойынша үздіктер анықталды:
— «Ең ұқыпты жазу»;
— «Ең көркем жазу»;
— «Сауатты жазу шебері».
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, қызметкерлердің тілдік сауаттылығын дамытуға және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді.