"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

Наурыз мейрамының жаңа тұжырымдамасына сәйкес 2024 жылдың 15 наурызында «Қайырымдылық» тақырыптық күні атап өтілді.

Іс-шара аясында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның қызметкерлері Жаңақорған ауданындағы жағдайы төмен отбасыларға 12 азық-түлік себетін үлестірді. Акцияның басты мақсаты – көктемгі Наурыз мейрамына орай қоғамдағы әлеуметтік көмекті қажет ететіндерге қолдау көрсету.

Азық-түлік жиынтықтарында күнделікті тұтынатын бірінші кезектегі қажетті өнімдер бар. Оның ішінде күнбағыс майы, ұн, күріш, жарма, қант, шай, макарон өнімдері және т.б.

Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу күні ғана емес, бұл бірлік пен еңбек, мейірімділік пен қайырымдылық, достық пен бейбітшілік, халықтың бірлігі мерекесі, сондықтан адамдар бірігіп, мұқтаж жандарға көмектесуі тиіс.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start