"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

2024 жылғы 16 наурызда «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-да «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» атты тақырыптық күн аясында АБК асханасында ұлттық күн фестивалі өткізілді.

«Ұлттық асхана» – құпиясы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ғасырлар бойғы салт-дәстүріміздің тірегі. Дастарханға ет, қуырдақ, бауырсақ, қаттама, жент, ірімшік сияқты қазақ халқының ұлттық тағамдары қойылды.

Фестивальдың мақсаты – қазақтың ұлттық тағамдарын сақтау және дәріптеу, олардың ерекшеліктерін зерттеу, жаңа және көне технологияларды қолдана отырып, заманауи түсініктегі көшпелі халықтың бірегей тағамдарын дайындау. Сонымен қатар Қоғам жұмыскерлерін қазақ халқының тамақтану және қонақжайлық мәдениетімен таныстыру. 

Аталған мерекенің тағы бір мақсаты – әртүрлі жастағы өз ісінің шеберлері мен ас пісіруді жақсы көретін адамдарды біріктіру.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start