"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

Биыл Наурыз мейрамының жаңа тұжырымдамасы әзірленді: 14-23 наурыз аралығында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ жұмыскерлері мен Жаңақорған ауданының тұрғындары үшін оқиғаларға толы Наурызнама онкүндігі өткізіледі.

Осы күндерге мерекелік концерттер, тақырыптық көрмелер, шеберлік сыныптары, ұлттық спорттық жарыстар мен түрлі акциялар жоспарланған.

Онкүндіктің әрбір күні өнердегі, қоғамдық және спорттық бағыттардың біріне арналған.

Іс-шара 14 наурызда Көрісу күні — Амал мерекесімен басталады.  Онкүндік ішінде әрбір күні тақырыптық іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, Қайырымдылық, Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, Шаңырақ, Ұлттық киім күні, Жаңару, Ұлттық спорт, Ынтымақ, Жыл басы, Тазару.

Қоғамның қызметкерлері мен Шалқия кентінін ақсақалдырына ӘТК асханасында 120 адамға арнап «Ауыз ашар» берілді.

Наурыз шығыс халқы үшін өзіне ғана тән қайталанбас ерекшеліктері бар айрықша мереке. Наурызды мерекелеу дәстүрлері ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, ақпейілділікті, жанашырлықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған. Бұл оның келуін асыға күтетін себептердің бірі.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start