"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

Ұлтымыз ұлықтаған Наурыз

    2022 жылдың 18 наурызында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ (ары қарай — Қоғам) «Ұлтымыз ұлықтаған Наурыз» мерекесін қарсы алу мақсатында, қоғамға қарасты мердігер «Kingka Mining Constraction» ЖШС  және Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі мекемелердің демеушілігімен Шалқия кентінде 3 киіз үй және 200 орындық ас ішуге арналған шатыр құрылып кент тұрғындарына мерекелік дастархан әзірленіп, мерекелік үстелдегі басты тағам Наурыз көже болды.
    Мерекелік іс-шара барысында ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, тақырыптық сахналық көріністер мен концерттер көрсетілді. Іс-шараға келген қонақтар арасынан аудан әкімінің орынбасары Сұлтанбеков Ерділда, қоғамға қарасты мердігер компания «Kingka Mining Constraction» ЖШС-нің жоба жетекшісі Чжай Уди, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ бас директоры Бейсембаев Оркен Рахметоллаевич, Шалқия кентінің әкімі Сабырханов Абдимаулен, кент ақсақалы Тілеубеков Дүйсенбек — Шалқия кент тұрғындарын және кент қонақтарын Наурыз мерекесімен  құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start