«Дені саудың – жаны сау» ұранымен 6 спорт түрінен спартакиада
2023 жылғы 23-24 қазанда «Республика күні» ұлттық мерекесіне орай Қоғам «Дені саудың – жаны сау» ұранымен 6 спорт түрінен спартакиада ұйымдастырды:
1. Мини футбол;
2. Воллейбол;
3. Үстел теннисі;
4. Арқан тартысу;
5. Стрит бол;
6. Армреслинг.
Спорттық іс-шараға «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ, «СКЗ-U» ЖШС, Шалқия КӘАҚҚ, «ТауКен-Самұрық» ҰТК» АҚ жастар кеңесінің командасы, «Шериф-Н» ЖШС, Шалқия кенті әкімінің аппараты, «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Кингка Майнинг» ЖШС және Шалқия кентінің жастар командасының жұмыскерлері қатысты.
2 күндік спартакиада аяқталғаннан кейін Қоғамның Бас директорының орынбасары Сүйіндік Юржанұлы Асан спартакиаданың жеңімпаздары мен ерекше белсенді қатысушыларын құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді.
Жеңімпаздар үстел теннисі, армрестлинг, минифутбол, волейбол, арқан тартысу және стритбол сияқты жеке спорт түрлерінен марапатталды.
Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша төмендегі командалар жеңімпаз болып танылды:
— кіші-футбол бойынша – «Қызылқұм» ЖШС-ның командасы;
— волейбол бойынша – «Қызылқұм» ЖШС-ның командасы;
— арқан тартысу бойынша – «Кингка Майнинг» ЖШС-ның командасы;
— стритбол бойынша – «СКЗ-U» ЖШС;
— үстел теннисі бойынша – Мағжан Шардарбеков («СКЗ-U» ЖШС);
— ерлер арасындағы армрестлинг + 80 кг жоғарғы салмақ бойынша – Мұхтархан Кәрібай (Шалқия кентінің жастар командасы);
— ерлер арасындағы армрестлинг — 80 кг дейінгі салмақ бойынша – Ғабит Мұташ («ШалқияЦинк ЛТД» АҚ);
— әйелдер арасындағы армрестлинг + 65 кг жоғары салмақ бойынша – Гүлвира Биимбетова («Байкен-U» ЖШС);
— әйелдер арасындағы армреслинг — 65 кг дейінгі салмақ бойынша – Жанар Мысырханова («Қызылқұм» ЖШС).