"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

Cтуденттермен кездесу

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ әлеуметтік бағдарламаларды қолдау шеңберінде, жастар мен оқу орындарының білім алушылары арасында тау-кен мамандықтарына қызығушылықты арттыру, кәсіптік мамандықтарға баулу және біздің кәсіпорынның өндірістік процестерінің жұмысымен (оның ішінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жерасты, жердегі электр және геология қызметтерінің жұмысымен) танысу мақсатында Жаңақорған агро-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесу аясында бас геолог және энергетика қызметінің қызметкерлерімен «Мамандыққа кіріспе» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс соңында Қоғам қызметкерлері студенттерге тау-кен мамандығына  қатысты бірқатар сұрақтарға жауап беріп, келешекте еліміздің өндірісін дамытуға өз үлестерін қосуға кеңес берді.

Жалпы кездесу достық жағдайда өтті.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start