«ШалқияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамының тарифтік смета бойынша орындалуы туралы 2024 жылға арналған жылдық есебі
1. Қоғамның 2024 жылға бекітілген тарифтік сметасының баптары бойынша Қызмет көрсетілуі мен өндірістік қажеттілікке қатысты шығындары, жалпы есеппен бекітілген тариф бойынша – 62 155,61 мың теңге, нақты орындалғаны 102 844,03 мын тенге. Соның ішінде:
- «Материалдық шығындар» — бекітілген смета бойынша 19 256,0 мың теңге, нақты орындалғаны 13 042,47 мың теңге;
- «Еңбекақы төлеу шығындары» — бекітілген смета бойынша 36 400,02 мың теңге болса, нақты орындалғаны 73 820,75 мың теңгені құрады.
- «Негізгі құралдар амортизациясы» — тарифтік сметада 384,0 мың теңгеге бекітілген, нақты – 739,07 мың теңгені құрайды;
- «Салықтар» смета бойынша 3 930,68 мың теңге, нақты орындалғаны 8990,94 мың теңгені құрады;
- «Кадрлар дайындау» — тарифтік сметада 120,0 мың теңгеге бекітілген, нақты – 144,10 мың теңгені құрайды;
- «АҚЖ сақтандыру» — тарифтік сметада 1 024,15 мың теңгеге бекітілген, нақты – 289,09 мың теңгені құрайды.
- «Арнайы киім және ЖҚҚ» — тарифтік сметада 1 040,76 мың теңгеге бекітілген, нақты – 716,01 теңгені құрайды;
Сонымен қатар, Қоғамның 2024 жылға жылдық Қызмет көрсету нәтижелері төмендегідей:
- «Қызмет көрсету мөлшері» — бекітілген смета бойынша 285580 ваг*км болса, нақты орындалғаны 368080 ваг*км.
- «Жалпы табыс» — бекітілген смета бойынша 62 155,61 мың теңге болса, нақты орындалғаны 60 436,14 мың теңге.
Реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін жалпы шығын 42 407,89 мың теңгені құрады.
Өндірістік шығындар көлемі — қызметтерді апаттық жағдайларсыз және сапалы беру мақсатында, өндірістік қажеттілікке байланысты материалдарға нарық бағасының өсуі, нақты амортизацияның ұлғаюы және жыл ішінде кірме жолдың қосалқы бөлшектерінің сатып алу рәсімдерінің кешігуі кері әсерін тигізуде.
2. Бекітілген тарифтік сметада шығындар 217,65 теңге тариф бойынша есептелінген. Уақытша өтемдік тарифтің (әрі қарай – УӨТ) енгізілуіне байланысты жылдың қорытындысы бойынша орташа бекітілген тариф 167,62 теңгені құрады, 01.01.2024ж — 01.08.2024ж, аралығында УӨТ — 160,47 теңге/ваг*км, 01.08.2024ж — 01.11.2024ж. аралығында 173,65 теңге/ваг*км және 01.11.2024ж — 31.12.2024ж. аралығында тариф — 168,74 теңге/ваг*км құрады, жыл қорытындысы бойынша нақты тариф – 279,41 теңге/ваг*км.
Қазіргі таңда, жөндеу жұмыстары, қажетті материалдар сатып алу порталы арқылы жарияланып, келісім шарттар жасалуда. Қаржыландыру көзі компанияның жеке қаражат есебі болып табылады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.
Толық ақпаратты «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ-ның ресми сайтынан https://zinc.kz/ru/көре аласыздар.