"Тілді таңдау
Хабарландыру

«ШалкияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамы кызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша 2024 жылға 1-ші жарты жылдық есебі

Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында «ШалкияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамы кызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша 2024 жылға 1-ші жарты жылдық есебі

24 шілде 2024 жылы «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ-ның әкімшілік ғимаратында, (мекен-жайы: Кызылорда обл., Жаңақорған ауданы, Шалкия кенті, Мустафа Шокай к., 32 үй) «Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында «ШалкияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамы кызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша 2024 жылға 1-ші жарты жылдық есебі» тыңдалды. Оған «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ-ның Бас директоры, өндіріс жөніндегі орынбасары, экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, ұйымдастыру мәселелері және қоғаммен байланыс және әлеуметтік саясат үйлестірушісі, логистика және кедендік сүйемелдеу қызметінің бастығы, бас бухгалтер және «КПТС» ЖШС -нің Бас директоры қатысты.

          Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы 2024 жыл 1-ші жарты жылдық Қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі — «ШалкияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамы Бас директорының баяндамасынан ақпарат:

          1. 2024 жылдың 1-ші жарты жылдығы Қоғамның бекітілген тарифтік сметасының баптары бойынша Қызмет көрсетілуі мен өндірістік қажеттілікке қатысты шығындары, жалпы есеппен бекітілген бюджет  бойынша –37 746,97  мың теңге. Соның ішінде:

  • «Материалдық шығындар» — бекітілген смета бойынша 19256,0 мың теңге, нақты орындалғаны 5110,52 мың теңге;
  • «Еңбекақы төлеу шығындары» — бекітілген смета бойынша 40330,7 мың теңге болса, нақты орындалғаны 29684,36 мың теңгені құрады.
  • «Негізгі құралдар амортизациясы» — тарифтік сметада 384,0 мың теңгеге бекітілген, нақты – 369,53 мың теңгені құрайды;
  • «Салықтар» смета бойынша 3920,68 мың теңге, нақты орындалғаны 2628,3 мың теңгені құрады;
  • «Кадрлар дайындау» — тарифтік сметада 120,0 мың теңгеге бекітілген, нақты – 0 мың теңгені құрайды;
  • «АҚЖ сақтандыру» — тарифтік сметада 1024,15 мың теңгеге бекітілген, нақты – 162,81 мың теңгені құрайды.
  •  «Арнайы киім және ЖҚҚ» — тарифтік сметада 1040,76 теңгеге бекітілген, нақты – 649,56 мың теңгені құрайды;

Сонымен қатар, Қоғамның 2024 жылы 1-ші жарты жылдық Қызмет көрсету нәтижелері төмендегідей:

  • «Қызмет көрсету мөлшері» —  бекітілген смета бойынша 285580 ваг*км болса, нақты орындалғаны 213760 ваг*км.
  • «Жалпы табыс» — бекітілген смета бойынша 62155,61 мың теңге болса, нақты орындалғаны 34302,75 мың теңге.

Реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін бекітілген жалпы шығын 3444,21 мың теңгені құрады.

Өндірістік шығындар көлемі — қызметтерді апаттық жағдайларсыз және сапалы беру мақсатында, өндірістік қажеттілікке байланысты материалдарға нарық бағасының өсуі, нақты амортизацияның ұлғаюы және жыл ішінде кірме жолдың қосалқы бөлшектерінің сатып алу рәсімдерінің кешігуі кері әсерін тигізуде.

2. Бекітілген тарифтік сметада шығындар 217,65 теңге тариф бойынша есептелінген. Уақытша өтемдік тарифтің (әрі қарай – УӨТ) енгізілуіне байланысты жылдың қорытындысы бойынша орташа тариф 176,59 теңгені құрады, жарты жыл аралығында УӨТ- 160,47 теңге/ваг*км құрады.

Қазіргі таңда, жөндеу жұмыстары, қажетті материалдар сатып алу порталы арқылы жарияланып, келісім шарттар жасалуда. Қаржыландыру көзі компанияның жеке қаражат есебі болып табылады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.

Толық ақпаратты «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ-ның ресми сайтынан https://zinc.kz/ru/ көре аласыздар.

«ШалкияЦинк ЛТД» АҚ

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start