"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

«Ашық есік күні» әрбір студент үшін болашақ мамандықты толыққанды білу, оның қоғам үшін маңызы мен құндылығын сезіну мүмкіндігі.

Бүгін, 2024 жыл 9 қаңтарда «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-на Кентау көпсалалы колледжі директорының орынбасары және практика жетекшісі бастаған 15 жоғары курс студенттері келді.  Бұл іс-шара жастарды тау-кен кәсіптеріне тартуға және кеніштің жұмысымен танысуға бағытталған.

Студенттер мен олардың оқытушылары кәсіпорынның өміріне жеке қатысуға және жұмыс процесінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды. Экскурсия ең алдымен қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқаулықтан басталды.  Студенттерге бірқатар өндіріс объектілерін аралап, тау-кен жабдықтарын қарап шығу қызықты болды.

Таныстыру экскурсиясы барысында Қоғам қызметкерлері студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға, соның ішінде:

— өндіріс орнының тарихының құрылысы туралы («Шахта выдачная», «Машинный зал» объектісін, «Руданың бункерін», «Трубо-кабельная восстающий»);

— жерасты, жерүсті техникалардың жұмыс барысы туралы;

— геологиялық бұрғылау және барлау жұмыстары туралы;

— кеніштің ауыр және жеңіл техникасын жөндеу процестері мен жерасты жұмыстарын бақылайтын кезекші диспетчерлердің жұмысымен танысты.

Мұндай іс-шаралар болашақ мамандығын оңай таңдамайтын жастар үшін маңызды. Олар «ШалқияЦинк ЛТД» ақ кеніші жұмысының ерекшелігі туралы түсінік алды.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start