"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

Ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ тау-кен кәсіптеріне деген қызығушылықты арттыру және жұмысымен танысу мақсатында Құттықожа ауылындағы N164 орта мектептің 11 сынып оқушылары арасында «Ашық есік күні» жарияланды. Дәстүр бойынша экскурсия қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқаулықтан басталды. Оқушыларға өндіріс объектілерін аралап, тау-кен жабдықтарын қарап шығу қызықты болды. Тиісті мамандарға сұрақтар қойып, кеніштің жұмысымен танысты. Экскурсия барысында оқушылар өндірістік нысандардағы жұмыс процестерімен танысты, соның ішінде:
— жерасты жұмыстарын бақылайтын кезекші диспетчерлердің жұмысымен танысты;
— автокөлік учаскесіндегі ауыр техника жұмысының барысы туралы;
— ауыр және жеңіл шахталық жабдықтарды жөндеу процестері.
Экскурсия соңында №164 орта мектеп директорының бейіндік тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және сынып мұғалімі «Ашық есік» күніне арналған экскурсия және кіріспе бағдарламасы үшін Қоғам қызметкерлеріне және Қоғамның Бас директоры Өркен Рахметоллаұлы Бейсембаевқа алғысын білдірді.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start