"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

«Үздік маман» конкурсы

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына орай 2023 жылдың 17 шілдесі мен 16 қазаны аралығында Қор жұмыскерлері арасында өндірістік салалардағы жоғары кәсіби кадрларды қолдауға бағытталған «Үздік маман» конкурсы өтті.

«Үздік маман» конкурсы – жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобының жұмыскерлері арасында өткізілетін дәстүрлі конкурс. Конкурстың финалистерін портфельдік компаниялар анықтайды, ал жеңімпаздарды онлайн дауыс беру арқылы таңдайды.

Марапаттау рәсімінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысушыларды жарыстың аяқталуымен құттықтап, кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

«ШалқияЦинк ЛТД» бас маркшейдері Қасымхан Дүйсенбекұлы Тілеубеков Қор компаниясы тобы арасында финалға шықты және «Үздік маман» дипломымен марапатталды.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start