«Самұрық-Қазына» қорына 15 жыл!
Тәжірибеге, жетістіктерге және қызықты жаңалықтарға толы 15 жыл!
Қор осы уақыт ішінде бірнеше трансформация мен реформаны басынан өткерсе де, өзінің негізгі қағидаттары мен мақсатына адал болып қалды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» — 277 компания мен 250 мыңнан астам жұмыскерлердің басын біріктірген Қазақстандағы ірі жұмыс беруші және салық төлеуші. Қордың қызметі барлық саланы қамтиды, басты бағыты – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен ұлттық экономиканы жақсарту.
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компания тобындағы жақсы жұмыскерлердің қосқан үлестерін атап өтті.
Әріптесіміз Садықбек Асылбаевтың «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының құрметті қызметкері» құрмет атағын алуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүсіпбекұлы Садықбек – «ШалқияЦинк» АҚ учаске батығының орынбасары, жалпы еңбек өтілі — 43 жыл, оның 36 жылы тау-кен саласында өткен. Әріптестері Садықбекті өз ісінің шебері ретінде сыйлайды, оның жұмысының сапасына қарай кеніш сумен, ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етіледі.
Жүсіпбекұлы Садықбекті, сондай-ақ компания тобындағы әрбір жұмыскерді, серіктестерді және стейкхолдерлерді Қордың 15 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!