
Кеншілер күні
Бүгін «ШалқияЦинк» АҚ-да Кеншілер күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық Тау-Кен Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Н.М. Абсаметов «ШалқияЦинк» АҚ қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Өз құттықтау сөзінде ол кеншілердің ауыр да қауіпті еңбегінің маңыздылығын, олардың табандылығы мен ерлігін атап өтті. Ол барлығына зор денсаулық, жұмыста табыс, отбасыларына амандық және жер астына түскен әрбір кенші жер бетіне аман оралсын деп тілек білдірді.
Ерекше еңбек сіңіргені және тау-кен өндіру саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «ШалқияЦинк» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
- «Еңбек даңқы» орденімен Арзуметов Искандер Сайдазимович марапатталды.
- «Ерен еңбегі үшін» медалімен Қожанов Оразбек Дүйсенханұлы марапатталды.
Сонымен қатар, адал және қажырлы еңбегі үшін үздік қызметкерлерге құрмет грамоталары мен төсбелгілер табысталды.
Атап айтқанда, 13 адам «Кенші даңқы» III дәрежелі төсбелгісімен марапатталды.
Тау-кен өндіру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін қызметкерлер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық Тау-Кен Компаниясы» АҚ-ның наградаларымен де марапатталды.
- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Құрмет грамотасымен 3 қызметкер,
- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Алғыс хатымен 3 қызметкер,
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Құрмет грамотасымен — 5 қызметкер,
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Алғыс хатымен — 5 қызметкер марапатталды.
Бұл жоғары наградалар — көп жылдық қажырлы еңбектің, кәсібиліктің және өз ісіне деген адалдықтың белгісі. Олар әрбір маманның еліміздің өркендеуіне қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді.










