
«Жаңару күні»
Наурыз мерекесінің келесі күні «Жаңару» күні болып, ол табиғатқа қамқорлық пен экологияны жақсарту тақырыбына арналып өтті. Бұл күн жаңарудың және жаңа бастамалардың белгісі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны сақтау мен жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.
Мереке аясында біздің Қоғамның барлық қызметкерлері кеніш нысандарында көшеттер отырғызу акциясына белсене қатысты. Біз жасыл, экологиялық таза аймақтар құрудың қаншалықты маңызды екенін түсініп, болашақта таза және тұрақты орта жасауға өз үлесімізді қосудамыз.
Бұл күні отырғызылған әрбір көшет табиғатқа деген қамқорлықтың символы ғана емес, сонымен қатар қызметкерлеріміз және болашақ ұрпақтар үшін таза және жайлы ортаны құруға бағытталған практикалық қадам болды. Біз осындай бастамалар экологиялық жағдайды жақсартуға және басқа адамдарды да осындай іс-шараларға қатысуға ынталандырады деп сенеміз.




