Жаңалықтар
blog

«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»

2025 жылдың 17 наурызында «ШалкияЦинк ЛТД» Акционерлік қоғамында Наурыз мерекесіне орай, «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында, жаңа «Наурызнама» концепциясы бойынша «Тұсау кесу» рәсімі өткізілді.

«Тұсау кесу» — бұл қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін сақтауға бағытталған маңызды ғұрып. Ол баланың алғаш рет қадам басып, үлкен өмірге қадам жасағанын білдіреді. Бұл салт-дәстүрдің маңызы зор, себебі ол ұрпақтар арасындағы рухани байланыс пен мәдениеттің сабақтастығын көрсетеді.

АО «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеуге ерекше мән береді. Мұндай іс-шаралар ұжымдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге септігін тигізеді.

Қоғам ұжымы барша қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, осы қуанышты сәтте бірге болуға атсалысқандарға алғыс білдіреді!

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start