"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу күні «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ және «Kingka Mining Construction» ЖШС-ның қызметкерлері Қазақстан аумағында тұратын халықтардың ұлттық тағамдарының фестивалін өткізді.

Фестивальде қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, корей, татар және қытай халықтарының ұлттық тағамдары ұсынылды.

Бұл, ең алдымен, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ кенішінде жұмыс істейтін басқа халықтар мен этностарға құрмет белгілерін көрсетудің және оларға назар аударудың тамаша мүмкіндігі.

Мереке қарсаңында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ Бас директорының орынбасары Асан Сүйіндік Юржанұлы Қоғам қызметкерлеріне ұжымдық ұйымшылдық, зор денсаулық, амандық және жаңа табыстар тіледі.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлерді жақындастырады және бейресми жағдайда қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, бұл қоғамдағы және мердігерлік ұйымдардағы әлеуметтік тұрақтылыққа оң әсер етеді.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start