"Тілді таңдау
Жаңалықтар
blog

         

2023 жылдың 20 наурыз күні «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ (ары қарай — Қоғам) ұйымдастыруымен Шалқия кентінде мердігер «Kingka Mining Constraction» ЖШС, Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі және СОП «Ер-Нұр» күзет мекемелерінің қатысуымен «Наурыз» мерекесі өткізілді, онда 4 киіз үй және 200 орындық ас ішуге арналған шатыр құрылып, кенттің тұрғындарына 100 литрден аса наурыз көже мен 3 (2 қазан 50кг 1 қазан 25кг) қазан палау таратылып мерекелік дастархан әзірленді.

          Мерекелік іс-шара барысында ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаз спортшылар ақшалай сый-сияпатпен марапатталынды.

          Қоғам атынан өндірісте қызмет атқарып зейнетке шыққан зейнеткерлерімізге Алғыс хаттармен сый-сияпаттар табыс етілді. Сондай-ақ Қоғам басшылығының демеушілгімен №86 орта мектеп оқушыларының гандбол құрамасына спорттық формалар сыйға тартылды.

          Сонымен қатар, Наурыз мерекесін өткізер алды Қоғам тарапынан Шалқия кентінің орталық алаңы тегістеліп мереке орнын кент тұрғындарына қолайсыздық туғызбайтын түрлі жұмыстарға (электр жарығын жүргізу, су шашу т.б.) көмегін берді.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start