1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында елімізде «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізіледі. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету.
Бірінші қыркүйек-барлық балаларға арналған Білім күні. Бұл мектеп жасындағы барлық балалар үшін мереке күні. Баланы мектепке дайындау, қажет нәрсенің бәрін сатып алу өте қымбат. Әсіресе бірнеше бала бірден тәрбиеленетін отбасыларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қиын.
Қайырымдылық акциясын іске асыру мақсатында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ жас мамандар кеңесінің бастамасымен рюкзак жинау үшін кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қаражат жиналды.
Акция аясында Жаңақорған ауданының жақын маңдағы кенттерінің аз қамтылған және көп балалы отбасыларна және Қоғам қызметкелерінін балаларына 50 рюкзак таратылды.
Біз барлық оқушылар мен мұғалімдерді білім күнімен құттықтаймыз және жаңа оқу жылында табысты оқу мен шығармашылық жеңістер тілейміз!