2024 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» депутаты Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті.
Онымен бірге ЖСДП партиясы облыстық филиалының төрағасы Н. Дәуренбеков, ЖСДП партиясы аудандық филиалының басшысы А. Баймуратов, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Б. Шәріпбеков, партия мүшесі А. Сатыбалдина және партия журналисі Н. Мырзахметова келді.
Кездесу барысында Нұрлан Сатыбалдыұлы Мемлекет басшысының неғұрлым өзекті мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған заңнамалық бастамалары, атап айтқанда, зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін арнайы төлем енгізу және өндірістегі еңбек қауіпсіздігін күшейту жөніндегі түзетулер туралы жайында айтты. Мәжілісмен жұмысшылармен бірге мемлекет тарапынан олардың әлеуметтік қолдауын жақсарту бойынша қолда бар мәселелерді талқылады.