Тазалық өзімізден басталады
Тазалық өзімізден басталады» ұранымен «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның (ары қарай – Қоғам) ұйымдастыруымен өткен аптада «Шалқия» кенішінде санитарлық тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсаты бойынша сенбілік шарасы өткізілді.
Қоғам қызметкерлері кенішке тиесілі ғимараттар мен өндіріс объектілерінің аумағын және «Шалқия» кенішінің аумағынан Құттықожа бұрылысына дейін (тас жол мен темір жол бойында), сонымен қатар Шалқия кент әкімі аппаратының қызметкерлеріде Құттықожа бұрылысынан Жаңақорған тас жолының көпіріне дейін тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, іс-шараға мердігер компаниялар «Kingka Mining Constraction» ЖШС, «Ер-Нұр Security» ЖШС және «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» филиалының қызметкерлері де атсалысты.
Қоғам қызметкерлері белсенді қатысып, үрдіске айналған игілікті іске өз үлестерін қосты.