Хабарландыру
Барлық жол пайдаланушылары үшін «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ
Жылжымалы құрамдардың өтуі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге уақытша өтемдік тарифті енгізу туралы
Осы арқылы «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ барлық тармақ пайдаланушыларды «табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 2-тармағының 2), 4) тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген, сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша ҚР ҰЭМ ТМРА 19.11.2025 жылғы №51-НҚ бұйрығының негізінде 2025 жылғы 1-ші желтоқсанынан бастап 2026 жылғы 30-шы қарашаға дейін жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну бойынша қызметтерге вагон/км үшін ҚҚС-сыз 132,53 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф белгіленеді. Вагон / км үшін ҚҚС-сыз 168,74 теңге мөлшеріндегі ескі тарифтің қолданылуы жоғарыда көрсетілген кезеңге тоқтатылады.
Сондай-ақ, тармақ пайдаланушылармен жоғарыда көрсетілген өзгерістерге сәйкес қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер жасалатын болады.
Құрметпен,
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ










