Жаңалықтар
blog

Мектепке жол

1-қыркүйек — Білім күні! Бұл мектеп жасындағы барлық балалар үшін мереке күні.

Осы орайда, жыл сайын елімізде «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Аталған акциясының мақсаты — аз қамтылған, көп балалы отбасылардың оқушы балаларына көмек көрсету.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясын іске асыру мақсатында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ жас мамандар кеңесінің бастамасымен мектеп сөмкесін жинау үшін, кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға Қоғам қызметкерлерінен ерікті түрде қаражат жиналды.

  Акция аясында Құттықожа ауылы мен Шалқия, Жаңақорған кенттерінің аз қамтылған және көп балалы отбасыларының  оқушы балаларына 76 сөмке мектеп керек-жарақтарымен таратылды.

    Аталған шара барысында  мектеп әкімшілігі мен  ата-аналар   демеушілік білдірген Компания қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.  

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start