
2024 жылғы 29 ақпанда «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ кенішінде Республикалық ауқымды оқу-жаттығулар шеңберінде жер сілкінісінің алдын алу, сондай-ақ персоналды шұғыл эвакуациялау бойынша жаттығу өткізілді
Дағдылар мен білікті іс-қимылдарды қалыптастыру мақсатында жаттығуға Қоғамның әкімшілік-басқару персоналы мен инженерлік-техникалық жұмыскерлері тартылды. Оқу-жаттығу барысында жер сілкінісі туындаған жағдайда жұмыскерлер мен авариялық-құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимыл алгоритмдері тексерілді. Жаттығуға сондай-ақ «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС, ТОО «Kingka Mining Constraction», «Sherif-H» мердігерлік ұйымдарының мамандары және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ кенішінде жаттығуды өткізудің мақсаты жер сілкінісі жағдайында өзін-өзі ұстау қағидалары бойынша білімді, сондай-ақ жер сілкінісі болған жағдайда ұйымдасқан және уақтылы көшіру дағдыларын пысықтау болды.









