
Оқу-жаттығу сабағы
23 жылдың 23 қарашасында «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ-ның кенішінде шахтадағы шартты өртті жою, сондай-ақ персоналды жер бетінде шұғыл эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу сабағы өткізілді. Оқу-жаттығу барысында ТЖ туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметтері мен жұмыскерлердің бірлескен іс-қимылдарының алгоритмдері тексерілді. Оқу-жаттығу сабағында «ШалкияЦинк ЛТД» және КӘАҚҚ РОШ ЖШС-ның авариялық-құтқару қызметі филиалының, «Kingka Mining Construction» ЖШС, «Sherif-H» ЖШС, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, «Тау-Кен Самрук» АҚ және «Самрук-Қазына» АҚ мердігерлік ұйымдарының жұмыскерлері қатысты.
Кеніште оқу-жаттығу сабағының қорытындысы бойынша техникалық кеңес өткізіліп, барлық қызметтердің ықтимал ТЖ-ға дайындалық деңгейі талқыналып, алдын алу шараларының, оның ішінде жабдықтың техникалық жай-күйін бақылау және өндірістік қаупсіздіксаласындағы жұмыскерлерді оқытудың маңыздылығы атап өтілді. Жалпы апатқа қарсы оқу-жаттығулар жақсы бағаланды.





