Спартакиада
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ (ары қарай – Қоғам) салауатты өмір салтын дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, қызметкерлерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, Қазақстанның егемендігін нығайту жолындағы тарихи оқиғаларға деген құрметті арттыру мақсатында 25-қазан «Республика күні» ұлттық мерекесіне орай 2025 жылы 23-24 қазан күні Шалқия Цинк ЛТД АҚ-ның ұйымдастыруымен Шалқия кенішінің спортзалында, Жаңақорған ауданындағы өндіріс мекемелері мен Қоғамға тиесілі мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері арасында Кіші футбол, Волейбол, Асық ату, Арқан тарту, Шахмат, Үстел теннисі, Ерлер және әйелдер арасындағы қол күрестен спорттық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шараның аяқталған күні барлық қатысушыларға мерекелік дастархан ұйымдастырылып, спортшылар ауызбіршілікте «Республика күні» мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.
























