
Мектепке жол
1-қыркүйек — Білім күні! Бұл мектеп жасындағы барлық балалар үшін мереке күні.
Осы орайда, жыл сайын елімізде «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Аталған акциясының мақсаты — аз қамтылған, көп балалы отбасылардың оқушы балаларына көмек көрсету.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясын іске асыру мақсатында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ жас мамандар кеңесінің бастамасымен мектеп сөмкесін жинау үшін, кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға Қоғам қызметкерлерінен ерікті түрде қаражат жиналды.
Акция аясында Құттықожа ауылы мен Шалқия, Жаңақорған кенттерінің аз қамтылған және көп балалы отбасыларының оқушы балаларына 76 сөмке мектеп керек-жарақтарымен таратылды.
Аталған шара барысында мектеп әкімшілігі мен ата-аналар демеушілік білдірген Компания қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.





