Жаңалықтар
blog

Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы өтті.

2025 жылғы 6 маусым күні Құрбан айт мерекесіне орай «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ Бас директорының бастамасымен және ұжым қызметкерлерінің қолдауымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында құрбандық шалынып, Жаңақорған кенті, Шалқия және Құттықожа ауылдарындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды. Бұл шара – компанияның әлеуметтік жауапкершілік аясында қоғамға жасап отырған тұрақты қолдауының айғағы.

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ ұжымы барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып, әр отбасыға амандық, береке-бірлік және молшылық тілейді.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start