Жаңалықтар
blog

«ШалкияЦинк ЛТД» АҚ балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өткізді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ қызметкерлерінің балалары мен Шалкия кентінің балалары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында балаларға тәтті сыйлықтар мен балмұздақтар таратылып, қызықты ойындар мен конкурстар өтті. Көңілді әрі достыққа толы атмосферада балалар шынайы қуанышқа бөленді.

Сонымен қатар экология, еңбек және өндірістік қауіпсіздік тақырыптарында сурет байқауы өтті. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, маңызды тақырыптарды сурет арқылы жеткізе білді. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

«ШалкияЦинк ЛТД» АҚ тек қана қызметкерлердің отбасыларына ғана емес, сонымен қатар жергілікті қауымдастыққа да қолдау көрсетіп келеді. Қоғам барлық балаларға шаттыққа толы, жарқын және қауіпсіз балалық шақ тілейді!

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start