Жаңалықтар
blog

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-да мини-футболдан турнир өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ ұжымда мини-футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнир компания басшылығының қолдауымен өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұжым арасындағы бірлікті, ынтымақтастықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа әртүрлі бөлімдерден құралған командалар қатысып, жоғары деңгейде ойын көрсетті. Қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, корпоративтік рухты да танытты. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1-орын — «SBA» командасы
  • 2-орын — Автокөлік қызметінің командасы
  • 3-орын — «SBA Стандарт» командасы

Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен ойыншылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай іс-шаралар компания ішіндегі ынтымақ пен достықты нығайтып, қызметкерлер арасында жағымды атмосфера қалыптастыруға септігін тигізеді.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start