
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ұлттық тағамдар фестивалі
Бүгін, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ қызметкерлері елімізде тұратын түрлі халықтардың ұлттық тағамдарынан құралған фестиваль ұйымдастырды.
Фестиваль барысында қатысушылар қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, ұйғыр, грузин, армян, жапон, түрік, украин, кәріс және татар халықтарының дәстүрлі тағамдарымен танысып, дәм тату мүмкіндігіне ие болды.
Бұл шара – кәсіпорында еңбек етіп жатқан түрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсету мен достықты нығайтудың айқын көрінісі болды. Фестиваль ұжым ішіндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізді.
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ ұжымы барлық қатысушыларға белсенділіктері, шығармашылық көзқарастары мен ұйымшылдықтары үшін алғыс білдіреді. Бірлік пен сыйластықты арқау еткен бұл шара компанияның ортақ құндылықтарын нығайта түсті.









