Жаңалықтар
blog

Республикалық сенбілік

Қызылорда облысы бойынша Экология департаментінің хаты мен Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 25 сәуірде «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ кәсіпорнында 26 сәуірде өтетін Республикалық сенбілікке орай сенбілік өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, аумақты абаттандыру және қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті арттыру болды.«ШалкияЦинк ЛТД» АҚ қызметкерлері белгіленген орынға таңғы сағат 09:00-де жиналып, жұмысқа кірісті. Жұмыс үшін қажетті құрал-саймандар, жұмыс киімі мен қолғаптар дайындалды. Сенбілік барысында келесі жұмыстар атқарылды:
∙ Рудник аумағы мен Шалкия – Жаңақорған автожолы бойындағы қоқыстарды жинау;
∙ Аумақты түрлі ластанулардан тазарту;
∙ Қалдықтарды экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай кәдеге жарату.Іс-шараға компанияның әртүрлі бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жұмысты ынтамен және жауапкершілікпен орындады.Сонымен қатар, сенбілікке қатысу қызметкерлер арасындағы командалық рухты нығайтып, экологиялық жауапкершілік маңыздылығын арттырды.Сенбілік сәтті өтті, жоспарланған барлық жұмыстар мерзімінде орындалды. Мұндай іс-шаралар өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға оң әсер етіп, халық арасында қоршаған ортаны қорғауға жауапты көзқарас қалыптастыратынына сенімдіміз.Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз және экологияның жай-күйін бақылауда ұстауға шақырамыз!

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start