
«ШалқияЦинк ЛТД» Акционерлік қоғамында Отбасы банкінің өкілдерімен кездесу өтті
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-да Отбасы банкінің өкілдерімен кездесу өткізіліп, жұмысшы мамандықтары үшін арнайы әзірленген ипотекалық бағдарламалар, соның ішінде «Наурыз жұмыскер», «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары талқыланды. Бұл бағдарламалар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және өз баспанасын сатып алуға қолдау көрсетуге бағытталған.
Кездесу барысында банк өкілдері ипотекалық бағдарламалардың шарттарын толық түсіндіріп, кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, тұрғын үйді сатып алу үшін қаржыландырудың мүмкіндіктері мен жинақ шоттар ашу арқылы жинақ жасау жайлы ақпарат берілді.
Кездесудің қорытындысында бірнеше қызметкер тұрғын үй сатып алу үшін жинақ шоттарын ашты. Бұл олардың тұрмыс сапасын жақсартуға және болашақта өз баспаналарын алуға бағытталған маңызды қадам болды.
Қоғам өз қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға және олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге әрқашан қолдау көрсетіп келеді.




