
«Наурыз мейрамы» мерекелік көрмесі
2025 жылдың 20 наурызында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған ерекше көрме өтті. Бұл мереке табиғаттың жаңаруы мен қайта өрлеуін бейнелей отырып, аймақтың мәдени және еңбек жетістіктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
Көрменің белсенді қатысушыларының бірі «ШалкияЦинк ЛТД» Акционерлік қоғамы болды. Қоғам өз экспозициясында еңбек қауіпсіздігіне ерекше назар аудара отырып, шахтерлардың күнделікті өміріндегі тұрақты қауіптерді көрсетуді мақсат етті.
Қоғамның көрмеге қойған басты тақырыбы — шахтерлардың өмірі мен еңбегінің тәуекелдері. Экспозицияда тау-кен жабдықтарының үлгілері, жеке қорғаныш құралдары, қауіпсіздік жүйелері және жұмыс процесін бақылауға арналған құралдар ұсынылды. Бұл құралдар шахтерлардың еңбегін қауіпсіз әрі тиімді ету мақсатында қолданылып келеді.
Көрмеде сонымен қатар ұлттық сувенирлер де ұсынылды. Қазақ халқының қолөнер туындылары, Наурыз мерекесіне арналған символикалық бұйымдар және ұлттық сыйлықтар келушілерге қазақтың бай мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді. Бұл экспозицияның негізгі тақырыбына керемет қосымша болды және мереке атмосферасын толықтырды.



