
Наурыз мейрамы
2025 жылғы 16 наурызда «Наурыз мейрамы» аясында жаңа концепция бойынша ұйымдастырылған «Наурызнама» мерекесінің «Шаңырақ күні» іс-шарасы аясында «ШалкияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамының тау-кен шебері Джурабеков Бахыттың шаңырағына Қоғамның басшылығы атынан «Құттықтау хатымен» және сый-сияпатын тапсыру үшін Қоғамның бір топ қызметкерлері құттықтап барды. Бұл іс-шара тек қана мәдени мереке емес, сонымен қатар тау-кен саласында үлкен еңбек сіңірген бір отбасының тарихын еске алу үшін тамаша мүмкіндік болды.
Бахыттың әкесі — Джурабеков Еркін Бабаевич, кеніштің Бас инженері қызметін атқарған. Оның еңбекқорлығы мен озық техникалық көзқарасы Шалқия кенішінің алғашқы кезеңдерінде тау-кен саласының табысты дамуына зор үлес қосқан. Әкесінің кәсіби білімі мен тәжірибесі кәсіпорынның өркендеуіне үлкен әсер етті және оның есімі кеніш тарихында мәңгілікке қалады.
Анасы Тұрсаева Әсем Алдабергенқызы көптеген жылдар бойы кеніште аға табельші болып жұмыс істеп, зейнетке шыққан және өз ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігімен ерекшеленді.
Джурабековтар отбасы өңірдің тау-кен өндірісінің тарихының ажырамас бөлігіне айналды, ал олардың «ШалкияЦинк ЛТД» компаниясының дамуына қосқан үлесі әлі күнге дейін жалғасуда. «Шаңырақ күні» осы отбасының ұзақ жылдар бойы еткен еңбегі мен адал қызметіне көрсетілген құрмет пен алғыс белгісі ретінде Қоғамның басшылығы атынан «Құттықтау хаты» мен сый-сияпаты тапсырылды.


