
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып отырған «Мамандықтар әлемін ашамын»
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып отырған «Мамандықтар әлемін ашамын» атты оқушылар сайысының облыстық кезеңіне қатысатын Жаңақорған ауданы №289 орта мектеп оқушылары «Кенші» мамандығын насихаттау мақсатында видеотүсірілім жүргізген болатын. Түсірілім барысында оқушылар кеніштегі жер үстінде орналасқан объектілермен танысып, мамандардың атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, сұхбат алды.
