
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ және «Kingka Mining Construction» ЖШС қызметкерлері Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында барлық Қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады.
Халықтың бірлігі-толеранттылық пен мәдениетаралық диалогқа негізделген күшті және гүлденген мемлекеттің көрсеткіші. Мереке құрметіне қызметкерлер мерекелік флэш-моб ұйымдастырып «Қара жорға» ұлттық биін биледі.
1-Мамыр-біздің бүкілхалықтық бірлігіміздің күні, достық пен келісім мерекесі, бұл қазақстандық патриотизмнің, елімізге, халқымызға деген адалдықтың мерекесі. Еліміздің барлық жетістіктері бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткізілді.



