Жаңалықтар
blog

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ Шалқия кентінің әкімдігімен бірлесіп Шалқия кентінде Наурыз мейрамына арналған ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырған жарыс өтті. Алаңда 250 орындық киіз үйлер мен шатырлар орнатылды.

Жарыс асық ату, арқан тартыс (арқан тарту), ләңгі ойнау, гір көтеру және армрестлинг спорт түрлерінен өтті.

Мерекенің жалғасы ретінде дастархан жайылып, барлық қонақтарға мерекелік палау, наурыз көже және ұлттық тағамдар ұсынылды. Қоғамның бас директоры 11 тау-кен саласының ардагерін алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады, сондай-ақ шахтерлердің 5 жесіріне құттықтау грамоталары мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Наурыз мейрамы – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың символы. «Наурыз» «көктемнің басталуын» білдіреді. Бұл шығыс халықтарының ең маңызды және ежелгі фестивалі.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start