
Бүгін «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ қызметкерлері металлургия өнеркәсібінің ардагері Шаназаров Тұрлыбекке «Самұрық-Қазына» АҚ қорының Құрмет грамотасын табыс етті, сонымен қатар Қоғам атынан дәстүрлі ұлттық қазақ шапанын сыйға тартты.
Шаназаров Тұрлыбек еңбек жолын 1959 жылы геологиялық барлау экспедициясында тау-кен инженері болып бастап, металлург мамандығының барлық сатыларынан өткен. Ол жас мамандарға тәлімгер болып ғана қоймай, өзінің ізімен жүретін керемет металлургтерді өсірді.

