Жаңалықтар
blog

2024 жылдың сәуір айының 24 күні «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ аумағында «Жанар-жағармай сақтау қоймаларындағы шартты өртті  сөндіру және зардап шегушіге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету» тақырыбында өрт тактикалық жаттығу өтті.

Сценарий бойынша жанар-жағармай қоймасында абайсызда төгілген жанар майдың қалдықтарын тазалау барысында шартты өрт шықты. Бұл жағдайда өрт сөндірушілер қалай әрекет етуі керек?
Уақытша штабты құрып, шұғыл түрде өрт ошағын тауып, шартты өртті сөндіру жұмыстарына кірісу және (адам болған жағдайда) оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Оқу жаттығуға Шалқия әскерилендірілген авариялық құтқару взводының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Апат болған аймақты барлау жұмыстарын жүргізу барысында өрт сөндіру басшысының шартты өрттің таралуын болдырмау мақсатында резервуарлардың салқындату жүйесін іске қостырып, шартты өрт ошағына көбік беруге шешім қабылдап, құтқару взводының бірінші бөлімшесіне АЦ-10-40 МАЗ өрт сөндіру автокөлігімен шартты өрт сөндіру жұмыстарын. ал екінші бөлімше зардап шегушіге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп. апат аймағынан алып шығуға тапсырма берді.

Бұндай оқу жаттығу сабағы барысында Шалқия кенішінің авариялық құтқару қызметтері қиын және қауіпті өрт ошағын сөндіру және алғашқы дәрігерге көмек көрсету әдістерін пысықтау жетілдіру болып табылады.
Бақылаушы ретінде шақырылған тиісті мемлекеттік органдар мен «Тау-кен Самұрық ҰТК» АҚ мүшелері оқу жаттығуға жұмылдырылған барлық қызметтердің іс-қимылдарына оң баға берді.

Категории:
Поделиться:
Быстрые ссылки

brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start brand_start