Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 4 қыркүйек күні "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ-да HR қызметінің жетекші менеджері Шакетова Рай Тасқынқызының ұйымдастыруымен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, оның қазақ тілі мен ұлттық руханиятының дамуына қосқан елеулі үлесі туралы айтылды.
Танымдық бөлімнен кейін қатысушыларға викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қызметкерлерге шағын сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында Қоғамның жетекші заңгері Ерсұлтан Жанболат тіл тақырыбына арналған өлеңін оқып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Дөңгелек үстел мазмұнды және тағылымды мазмұнымен ерекшеленіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ана тіліне деген құрметті арттыруға және Ахмет Байтұрсынұлының бай мұрасын насихаттауға бағытталды.