ShalkiyaZinc LTD

«Дорога в школу» — продолжение доброй традиции.

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ жыл сайын игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қолдау көрсетіп келеді.
Биыл Қоғамның Жастар кеңесінің бастамасымен қызметкерлердің ерікті қатысуымен қаражат жиналып, оған мектеп сөмкелері мен қажетті кеңсе құралдарының жиынтықтары сатып алынды.
Акция аясында Шалқия және Құттықожа елді мекендеріндегі 34 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдары табысталды.
Бұл игі бастама – өскелең ұрпаққа қамқорлық танытып, балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына көрсетілген қолдаудың бір көрінісі.
Поделиться на facebook
Facebook
Поделиться на linkedin
LinkedIn