Компания туралы мәліметтер

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ – барлау және өндіру құқығы бар тау-кен компаниясыболып табылады жәнеҚазақстан Республикасы Қызылорда облысы «Шалқия» кен орнының №№1-8 ұңғымалары телімдерінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыруға арналған Контрактіні, сондай-ақ «Шалқия» кен орнында полиметалл кендерін өндіруді жүзеге асыруға арналған жер қойнауын пайдалану Контрактісіниемденеді. 2013 жылы «Шалқия» кен орнындағы полиметалл кендерін өндіруді жүзеге асыруға арналған 21 мамыр 2002 жылғы контрактінің толықтыруына қол қойылды.

2014 жылдың маусым айында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ акцияларын иемдену «Самұрық-Қазына» АҚ-на өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 25 маусым 2014 жылғы шешіміне сәйкес (№29/14 хаттама), «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның 100%-дық акциялар пакеті «Тау-Кен Самұрық» АҚ-на берілді.

2014 жылдың 11 шілдесінде «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ Қоғамның 100%-дық акциялар пакетін Дара акционердің меншігіне тиісінше қайта тіркеуді жүзеге асырды.

Компанияның негізгі мақсаты келесілер болып табылады: жоғары тиімді инновациялық технологиялардың және техниканың енгізілуімен Шалқия кен орнында полиметалл кендерін өндіру, өндірілген кенді кейіннен байыту фабрикасында өңдеу, өндірілген мырыш және қорғасын қойылтпаларын сату.